Свернуть поиск
Правая колонка
Бүгін Kaspi брендіне 18 жыл толып отыр!
2008 жылы осы жолды бастаған кезде Қазақстанда миллиондаған адамның өмірін инновациялық сервистер арқылы жақсартатын бірегей компания құруды армандадық.
Осы 18 жылдың ішінде көп нәрсе өзгерді. Бұрын бірнеше сағатқа созылып кететін істерді қазір үздік Kaspi.kz қосымшамызда бірнеше секундта жасауға болады. Ал жақында ғана қиял сияқты болып көрінген нәрселер қазір күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды.
Биыл командамыз сіздердің қажеттіліктеріңізді ескере отырып, тауар таңдауға көмектесетін жеке Ai көмекші – Kasper-ді ұсынды. Енді ондаған тауарды өз бетіңізше зерттеп отырудың қажеті жоқ. Kasper ұсыныстарды салыстырып, өзіңізге қажеттіні таңдауға көмектеседі.
Ал Kaspi Alaqan-ның арқасында енді сатып аған заттың ақысын телефонсыз әрі картасыз, алақаныңызбен төлей аласыз!
Біз үшін нағыз инновация –технологияның миллиондаған адамға пайдасын тигізіп, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуы.
Сондай-ақ Түркияда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, онда біз Hepsiburada-ны дамытып, сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып жатырмыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркияда сервистерімізді 27 миллионнан астам клиент пен 900 мыңнан астам серіктес пайдаланады!
Мен командамызды мақтан тұтамын! Армандаудан қорықпайтын, күн сайын ең батыл идеяларды сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін пайдалы сервиске айналдыратын талантты, өз ісіне берілген жандардың еңбегін ерекше бағалаймын!
Қазақстан – арманымызды жүзеге асыруға жол ашқан керемет ел. Қазіргі кезде тәжірибеміз бен технологиямыздың елімізден тыс жерлерде де сұранысқа ие болғаны мен үшін ерекше мақтаныш!
Алайда осы 18 жыл ішіндегі мен үшін ең қымбат нәрсе – сіздердің сенімдеріңіз бен ықыластарыңыз!
Бізге сенім артып, шабыттандырып, одан әрі дамып, жақсара түсуімізге көмектесіп жатқандарыңыз үшін әрқайсыңызға алғыс айтамын!
Ең қызықты кезеңдер әлі алда екеніне сенімдімін. Бұл тарихты сіздермен бірге жалғастырамыз!
Құрметпен,
Сіздің Михаил

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев