Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде № 4А автобус бағыты бойына жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін кешен орнатылды. 2026 жылғы 2 қарашадан бастап ол құқық бұзушылықтарды тіркей бастайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында СҚО ПД жылдамдық режимінің сақталуын бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Осыған байланысты Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінің бойымен өтетін № 4А автобус бағытына жылдамдықты асыру деректерін автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Қазір ол сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылғы 2 қарашадан бастап құқық бұзушылықтарды тіркеп, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Жүргізушілерді белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтауға және жолда мұқият болуға шақырамыз. Бұл шаралардың басты мақсаты – жазалау емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев