Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
Кездесудің құрметті қонағы – теміржол саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысындағы Есмагамбетов Бауыржан.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа адал еңбектің қадірін түсіндіру, еңбек ардагерлерінің өмір жолын үлгі ету және мамандыққа деген құрметті арттыру. Кездесу барысында Бауыржан Есмағанбаетов өзінің еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі туралы әңгімелеп, теміржол саласындағы қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталды. Оқушылар ардагердің әңгімесін тыңдап, еңбек адамының өмірінен тағылым алды. Мұндай кездесулер жастарды еңбекқорлыққа, табандылыққа және өз ісіне адал болуға тәрбиелейді. Шара соңында Бауыржан ағамызға оқушылармен кездесіп, өнегелі әңгімесімен бөліскені үшін алғыс білдірілді. Ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілінді. Еңбекпен өрілген өмір – кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұра. Еңбек адамын құрметтеу – елдікті құрметтеу!

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев