Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік сезімді нығайту және елге деген құрметті арттыру.
Мерекелік кеш барысында Мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сахнада патриоттық әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Әрбір өнер нөмірі туған жерге деген сүйіспеншілікті, ел бірлігі мен бейбітшіліктің қадірін айшықтады. Ән мен биді үйлестірген концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күйге бөледі. Өнерпаздардың өнері арқылы Қазақстанның жарқын болашағына деген сенім мен мақтаныш сезімі көрініс тапты.
Республика күні – мемлекеттігімізді ұлықтап, тәуелсіздігіміздің қадірін бағалайтын ерекше мереке. Осындай мәдени іс-шаралар халықтың рухын көтеріп, өскелең ұрпақты Отанын сүюге, елін құрметтеуге тәрбиелейді.
Мерекелік концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ел бірлігі мен ынтымағын дәріптеген тағылымды шара болды.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев