Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілген. Бұл бағыттар теміржол саласының қызметкерлері үшін де маңызды.
Теміржол – ел экономикасының күретамыры. Жүк пен жолаушылар тасымалының қауіпсіз әрі үздіксіз жүзеге асуы теміржол инфрақұрылымының жағдайына тікелей байланысты. Әсіресе, сигнал беру және байланыс жүйелерінің сенімді жұмыс істеуі пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан саланы жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және техникалық жабдықтарды жетілдіру – уақыт талабы.
Сонымен қатар теміржол саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға және жастарды осы салаға тартуға басымдық беру қажет. Өйткені білікті маман мен жауапты еңбек – саланың тұрақты дамуының негізі.
Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді деп сенемін. Әрқайсымыз өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарап, ортақ мақсат жолында еңбек етсек, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қоса аламыз.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев